Сириядағы терроризммен күрес мәресіне жетіп келеді – пікір

0
111
ашық дереккөзден

Сириядағы терроризммен күрес өз мәресіне жетіп келеді, деп мәлімдеді РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

«Сирия шиеленісіне қатысты саяси процесс өзекті болып барады. Себебі терроризммен күрес Сирия аумағында өз мәресіне жетіп келеді. Халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерінде қандай да бір үзілістерге жол бермеу қажет»,- дейді Лавров сейсенбі күні өткен баспасөз конференциясында деп хабарлайды РИА Новости.

Сириядағы қарулы қақтығыс 2011 жылдың наурызынан жалғасып келеді. БҰҰ мәліметінше, аталған уақыт аралығында 220 мың адам қаза тапқан. Сириядағы қақтығысты тоқтату бойынша келіссөздер Астана мен Женевада өтуде. Астанадағы келіссөздердің 8 раунды желтоқсан айына жоспарланған.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз