Сауд Арабиясында күдікке ілінген ханзадаларға айып тағылды

0
60
ашық дереккөзден

Сауд Арабиясында тұтқындалған Король отбасының мүшелері, құрамында қызметтегі және бұрынғы министрлері бар ондаған шенеунік пен бизнесмендер ақша жымқыру, билігін асыра пайдалану, парақорлық, ұрлық өзге де қылмыстары үшін айыпталуда.

Бұл туралы беймәлім сауд шенеунігіне нұсқай отырып Reuters хабарлайды. Ақпаратты агенттік нақты растай алмады.

Жекелеп алғанда, бұрынғы Король Абдолланың ұлы Митеб ханзада «қағазда бар, қызметте жоқ» адамдарды жалдау, рациялар мен оқтан қорғайтын жилеттерді мемлекеттік сатып алуға ықпал еткені үшін айыпталуда.

​Kingdom Holding инвестициялық компаниясының басшысы, Сауд Арабиясы Королінің жиені, миллиардер әл- Валид ибн Талалға ақша жымқыру, парақорлық және шенеуніктерден күштеп ақша алу айыбы тағылды.

Ұлттық гвардия министрлігінің басшысы лауазымынан қуылған Митаб бен Абдоллаға ұрлық, «қағазда бар, өмірде жоқ» адамдарды жалдау, соның ішінде рациялар мен оқтан қорғайтын жилеттерді жеткізуге жасалған 10 млрд доллар көлеміндегі мемлекеттік келісімшарттарды меншікті компанияларға беру айыбы тағылған.

Бұрынғы Қаржы министрі, Saudi Aramco ұлттық мұнай компаниясының басқарма мүшесі Мекке Ұлы мешітінің кеңейтіліміне жұмсалған қаржыны ұрлау бойынша айыпталады. Бұған қоса оған жер учаскесіне қатысты мәмілені жүзеге асыру кезінде өзінің қызметтік бабы мен құпия ақпараттарды пайдаланған деген айып тағылды.

Эр-Риядтың бұрынғы губернаторы, ханзада Түрки ибн Абдуллаға биліктің пікірінше, келісімшарттарды меншікті компанияларына жеткізу, сонымен қатар метро құрылысы кезінде құқық бұзушылық жасау айыбы тағылды.

Атап өтерлігі, 4 қарашада Al Arabiya телеарнасы жоғары билік өкілдерінің тұтқындалғандары туралы мәлімдеді. Сауд Арабиясы Король әулетінің 11 ханзадасы, 4 қызметтегі және 10 бұрынғы министрлер күдікке ілінген.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз