Ашхабадта Түрікменстандағы Coca-Cola өкілдігінің басшысы Гектуг Газиток қайтыс болды. Бұл туралы Түрікменстандағы”Азатлық”радиосының тілшісі хабарлады.
Хабарламада бизнесмен өлімінің күні, себеп-жағдайлары нақтыланбаған. Жариялаған ақпарат бойынша, Coca-Cola өкілдігінің басшысы “Огузкент” қонақүйінің терезесінен секіріп кеткен.
Қазір өзін-өзі өлтіру дерегі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. “Огузкент” Ашхабад қонақ үйіндегілер болған оқиғаны растады.
“Кей деректер бойынша, Түрікменстандағы Coca-Cola өкілдігі басшысында осы елдегі компанияның қызметіне байланысты қаржылық қиындықтар болған”, – делінген мақалада.