Украина Ресейдің 18 компаниясына қарсы санкция енгізді. Тиісті жарлық Украинаның Экономикалық даму және сауда министрлігінің сайтында жарияланады.
Украинаның экономикалық даму министрлігі Ресейдің 18 компаниясына «ұлттық экономикалық қауіпсіздік мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін әрекеттерді жүзеге асыру үшін» шектеулер енгізді, деп хабарлайды Росбалт.
«Қара тізімге» енетін компаниялардың (соның ішінде антрацит тобының көмір жеткізушісі «Южтранс» бар) Украинадағы сыртқы экономикалық қызметіне тыйым салынған.
Сонымен қатар «Стройсервис», «Донспецстрой» сауда үйі, «Микас», « Пенетрон-Россия» сауда үйі, «Снэк-групп»,«Аромадон» сауда үйі және Белгородский комбинатына санкциялар енгізілді.
«Ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін әрекеттерді жүзеге асыру үшін (…) осы бұйрықтар күшіне енген сәттен бастап – шаруашылық қызметтегі шетелдік субъектілерге Украина аумағында сыртқы экономикалық қызметті уақытша тоқтатуға қатысты- 40 күн ішінде арнайы экономикалық санкцияларды қолдануға құқылы», – деп хабарланады Украина Экономикалық даму және сауда министрлігінің сайтында жарияланған Жарлықта.
Сабина Сайлаубай