3 наурыз күні АҚШ-тың Алабама штатында жойқын торнадодан 23 адам қаза тапты. Көз жұмғандардың саны артып келеді. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады.
Осыған дейін ақпарат көздері АҚШ-тың оңтүстігінде Алабама штатындағы күшті торнадо салдарынан 14 адам қаза тауып, 40 адам зардап шеккені туралы хабарлаған болатын.
Округінің шерифі Джей Джонс-тың айтуынша, қаза болғандар саны артуы мүмкін. Өйткені сағат сайын іс-түссіз жоғалғандар саны көбейіп жатыр. Бүгінгі мәлімет бойынша 23 адам қайтыс болған.
“Қолымыздан келгеннің барлығын жасадық. Бұл аймақ өте қауіпті. Торнадо аудандағы үйлер мен ғимараттарға қатты зақым келтірді”, – деді шериф Джонс.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алабама штатының губернаторы Кэй Айви барлық штатта төтенше жағдай жариялады.
Президент Дональд Трамп та халқына көңіл айтып, сақ болуға шақырды.