АҚШ-тың Алабама штатында торнадодан 23 адам көз жұмды

0
358
АҚШ. Алабама штаты.

3 наурыз күні АҚШ-тың Алабама штатында жойқын торнадодан 23 адам қаза тапты. Көз жұмғандардың саны артып келеді. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады.

Осыған дейін ақпарат көздері АҚШ-тың оңтүстігінде Алабама штатындағы күшті торнадо салдарынан 14 адам қаза тауып, 40 адам зардап шеккені туралы хабарлаған болатын.

Округінің шерифі Джей Джонс-тың айтуынша, қаза болғандар саны артуы мүмкін. Өйткені сағат сайын іс-түссіз жоғалғандар саны көбейіп жатыр. Бүгінгі мәлімет бойынша 23 адам қайтыс болған.

“Қолымыздан келгеннің барлығын жасадық. Бұл аймақ өте қауіпті. Торнадо аудандағы үйлер мен ғимараттарға қатты зақым келтірді”, – деді  шериф Джонс.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алабама штатының губернаторы Кэй Айви барлық штатта төтенше жағдай жариялады.

Президент Дональд Трамп та халқына көңіл айтып, сақ болуға шақырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз