АҚШ Венесуэлаға қарсы санкция мерзімін созды

0
128

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэлаға қарсы 2015 жылы салынған санкцияны ұзартылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Ақ үй ресми сайтында хабарлады.

Құжатта Венесуэладағы жағдай жақсармағаны және АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен сыртқы саясатына бұрынғыдай қатер төндіретіні айтылған.

АҚШ Венесуэладағы адам құқықтарын бұзуға қатысы бар шенеуніктерге қарсы алғашқы шектеу шараларын 2014 жылы, Барак Обама президент болып тұрғанда енгізген еді. Кейін санкциялар мерзімін бірнеше рет ұзартқан.

Венесуэла оппозициясы мен президент Николас Мадуро арасындағы тірес биыл конституциялық дағдарысқа ұласқан. Елде Мадуро билігіне наразылық 2014 жылдан бері жалғасып келеді.

Мұнайға бай Венесуэлада азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшы. 2018 жылы елдегі инфляция көрсеткіші миллион пайыздан асып кеткен.

Биыл қаңтарда Венесуэла оппозициясының лидері Хуан Гуайдо өзін елдің уақытша президентімін деп жариялап, мерзімінен бұрын тәуелсіз сайлау өткізу туралы бастама көтерген. Гуайдоны АҚШ, Латын Америкасы мен Еуропа одағы елдерінің көбі қолдады. Ресей, Куба, Қытай мен Мексика Мадуросты Венесуэланың заңды президенті деп санайды. Мәскеу Вашингтонды Венесуэладағы билікті күшпен өзгерткісі келеді деп айыптаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз