5 наурыз күні АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп Оклохама штатында орналасқан Фетхуллаһ Гүлен қозғалысына қарасты Dove мектебіне барды. Бұл туралы Euronews хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, Мелания Трамп бала тәрбиесіне қатысты жобаларды қолдау үшін ашқан “Be Best” компаниясының жұмысы барысында Талса қаласында орналасқан Гүлен қозғалысына қарасты Dove School of Discovery мектебін аралаған.
Өзінің ресми twitter парақшасында сурет бөліскен АҚШ-тың бірінші ханымы мектеп басшылығына, мұғалімдер мен оқушыларға алғыс айтты.
Мектептерде тұлғалық даму мен академиялық білім берудің маңыздылығына тоқталған Мелания Трамп “Өте жақсы жұмыстар жасалуда”, – деп жазды.
Dove мектептері біраз уақыт бұрын “National Association for the Advancement of Colored People” қауымдастығының жариялаған есебіне енген болатын. Қауымдастық бұл мектепті АҚШ-тағы Гүлен қозғалысына қарасты 200 мектептің қатарына кіретіндігін жариялаған еді.
Айта кетейік, аталмыш мектеп 2016 жылы толық тексерістен өтіп, Оклахома инспекторының баяндамасында 2012 және 2014 жылдар аралығында ешқандай заң бұзушылықтың болмағандығы айтылған.
Сонымен қатар, бұл мектеп 2018 жылы “National School of Character Award” марапатын иеленген.