Моңғолия парламенті Ұлы Хурал 7 қыркүйек күні өткен кезекті шақырылымда премьер-министр Жаргалтулгын Эрденэбатты отставкаға жіберді.
Моңғол мемлекеттік ақпарат агенттігінен таралған хабарда Үкімет басшысы Жаргалтулгын Эрденэбаттың кетуін 73 депутаттың 42-сі (57,5%) мақұлдап дауыс бергені айтылды. Конституция бойынша Эрденэбатпен бірге Үкімет те отставкаға кетуі керек.
23 тамызда Моңғол халықтық партиясының басқарма мүшелері Моңғол парламентінен Эрденэбаттың отставкаға кетуін талап еткен еді. Эрденэбат аталған қызметке 2016 жылдың шілдесінде тағайындалған болатын. Бұған дейін ол Моңғолия қаржы министрінің қызметін атқарып келген.
Моңғолия конституциясына сәйкес, жаңа үкімет 30 күннің ішінде тағайындалуы керек.