Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мен АҚШ Президенті Дональд Трамп Сириядағы «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымын жоқ қылуға бел байлағандарын мәлімдеді. Бұл туралы қос ел басшыларының бірлескен мәлімдемесінде айтылады.
Сондай-ақ олар БҰҰ-ның 2254 резолюциясына сәйкес «Сирияның егемендігіне, аумақтық тұтастығы мен мемлекеттік зайырлы сипатына» өз бейілділіктерін білдірді деп хабарлайды РИА Новости.
Мемлекет басшылары Сириядағы қақтығыстың әскери шешімі жоқтығын баяндап, жағдайды тұрақтандыру Женева процесі аясында жүзеге асу керектігін айтты.
Бұдан өзге мемлекет басшылары Америка мен Ресей әскери күштері арасындағы қауіпті жағдайларды болдырмау үшін сәтті күш салынғанын алға тартып, бұл өз кезегінде соңғы айларда ИГ* шығындарын арттыруға түрткі болғанын атап өтті, және өзара әскери байланыс арналарын қолдауға келісті. Мәлімдемеде бұл күш-жігер «Ислам мемлекетінің» (лаңкестік топ *ред) соңғы жеңілісіне дейін жалғасатыны аталады.
Бұдан өзге В. Путин мен Д. Трамп деэскалация аймақтарының маңыздылығын атап, Гамбургдағы алдыңғы кездесуде келісілген оңтүстік-батыс аймағын құру мәселесін талқылады.
Қорытындыда АҚШ пен Ресей көшбасшылары БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді алдағы айларда Сирияға көмек көрсетудегі үлесін арттыруға үндеді.