Сочидегі ШЫҰ-ның отырысы жаңа форматта өтеді

0
54
ашық дереккөзден

Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесі бойынша халықаралық конференция аясында ШЫҰ-ның бас хатшысы Рашид Әлімов 30 қараша –1 желтоқсанда Сочиде өтетін ШЫҰ-ға мүше елдер басшыларының Кеңесі алғаш рет жаңа «сегіздік» форматында өтеді.

«Бұл 2017 жылдың екінші басты оқиғасы. Біріншісі, Астанада ұйымды кеңейту туралы тарихи шешім қабылданғаны. Үндістан мен Пәкістан аталған немесе өзге де кездесулерді дайындауға белсенді ат салысып жатыр. Қазіргі уақытта біз «сегіздік» форматта Сочидегі алдағы кездесуге дайындық үстіндеміз», – деп атап өтті Р. Әлімов деп келтіреді Қазақпарат.

Бас хатшының айтуынша, жаңа форматтағы кездесу ШЫҰ мүшелерінің аймақтық ынтымақтастығын дамытып, кең ауқымдағы аймақтық ынтымақтастыққа серпін береді. Сочидегі мәжілістің күн тәртібі 25 қарашада өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің отырысында толықтай қалыптасатыны аталды.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз