Путин мен Ердоған Сочиде бас қосады

0
21
ашық дереккөзден, РИА Новости

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мен Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған 13 қараша күні Сочиде Сириядағы терроризммен күрес мәселесін талқылайды.

«13 қарашада Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған Сочиге жұмыс сапарымен барады. Аймақтық және халықаралық проблемалар, соның ішінде Сириядағы терроризммен бірлескен күрес жайы талқыланады», – деп хабарлайды РФ Президентінің баспасөз қызметі.

Күн тәртібіне екіжақты мәселелердің кең ауқымын, атап айтқанда, сауда-экономикалық байланыстарды нығайтудың перспективалары мен энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылау кіреді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз