Қазақстан мен Қытай тауар экспорттауда келісімшарт жасады

0
97

Жұма күні Үрімшіде өткен «Қазақстан-Қытай» бизнес-форумының қорытындысы бойынша, жалпы құны $ 5,3 миллионды құрайтын қазақстандық өндірушілердің өнімдерін экспорттау туралы шешім қабылданды.

Бизнес-форумға 13 қазақстандық өндіруші мен 100-ге жуық қытайлық әлеуетті сатып алушылар қатысты деп хабарлайды «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі. Қазақстандық делегация құрамында автокөлік өндірушілері, шыны талшықты құбырлар, минералды тыңайтқыштар, май және мұнай өнімдері, алкогольдік және алкогольсіз сусындар, құрғақ бие сүті, алма, нан өнімдері таныстырылды.

«Жалпы алғанда, іс-шараның қорытындысы бойынша 5,3 млн. АҚШ доллары көлеміндегі экспорттық келісімшарттар жасалды», – деп хабарлайды «KAZAKH INVEST».

«KAZAKH INVEST» департаменттің директоры Құдияров Нұрлан 2017 жыл екі елдің ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастығын дамытуда серпінді жыл болғанын атап өтті. «Қазақстан мен Қытай Үкіметі жұмысының арқасында қазақстандық өнімдерді жеткізу мәселесі шешімін тауып келеді. Біз барлық мүдделі отандық өндірушілерге Қытайда, атап айтқанда, Шыңжаң-Ұйғыр автономдық ауданында әлеуетті серіктестіктер іздеуге көмектесуге дайынбыз, себебі бұл қазақстандық өнімдер үшін жақын орналасқан нарық», – деп атап өтті ол.

Атап өтерлігі, бүгінгі таңда Үрімшіде осыған ұқсас 7 шара өткізілді. Өткен сауда миссияларының қорытындысы бойынша 70 млн. АҚШ долларынан астам сомаға келісімшарттар жасалды.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз