Оқи отырыңыз: В Астане проходит Всемирный Кубок Учеников
25-26 наурыз күндері Астанада “WORLD SCHOLAR’S CUP ASTANA ROUND” атты жасөспірімдер арасында халықаралық білім сайысы өтті. Бұл туралы KAZAKNEWS тілшісі хабарлады.
Сайыстың екінші күні оқушылар викториналық сұрақтарға жауап берді, дебатта бақ сынап, өз өнерлерін көрсетті.
Ілім – жанып тұрған шырақ (Дебат және сұрақтарға жауап беру бөлімі)
Өнер – ағып жатқан бұлақ (Оқушылар өнер көрсетті)
Ұйымдастырушылардан бірер сөз
Сайыстың әр бөлімінде қатысушыларға үзіліс жарияланып отырды. Осы сәтті пайдаланып ұйымдастырушылардың бірі “Spectrum” мектебінің халықаралық істер жөніндегі директор орынбасары Нұржан Абильдахановпен әңгімелестік.
“WORLD SCHOLAR’S CUP жарысы Қазақстанда 5-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. Бұл жылы оқушылар саны бұрынғы жарыстарға қарағанда әлдеқайда көп. Нақты 652 оқушы қатысты. Қатысушылар саны жыл санап артуда. Көрші Қырғызстаннан оқушылар көп келеді. Сербиядан келген қатысушылар да бар. Айта кетерлік маңызды жаңалықтың бірі 8-13 шілде аралығында WORLD SCHOLAR’S CUP GLOBAL ROUND кезеңін өткізетін боламыз. Бұл бөлім әлемнің 5 елінде өтеді. Мұның бірі Қазақстан. Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 1000 қатысушы жиналады деп жоспарлап отырмыз. Былтыр GLOBAL ROUND кезеңіне біздің оқушылар Барселонаға, Куала-Лумпурға барған болатын. Биыл өз елімізде өтетін болады. GLOBAL ROUND кезеңінен өткен оқушылар АҚШ-тағы Йель университетінде финалға қатысады.”
Ең маңызды сәт – марапаттау
Айта кетейік, 2008 жылы жұмысын бастаған “Білім Орда” халықаралық қоғамдық қорына қарасты “Spectrum” халықаралық мектебі бұл жарысты биыл 5-ші рет өз базасында өткізді.
Жарысқа қазақстандық оқушылар мен, шетелдік жалпы саны 700-ге жуық мектеп оқушылары сайысқа түсті.
8-13 шілде аралығында Астанадағы Spectrum халықаралық мектебінде WORLD SCHOLAR’S CUP GLOBAL ROUND кезеңі өтетін болады.
Abdimanap KENES