Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Телефон арқылы сөйлесуге түрік жағы бастамашы болған.
“Әңгімелесу барысында Абдулла Гүл Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі беделді саясаткер әрі тәуелсіз Қазақстанның егемендігін бекемдеп, аймақтағы көшбасшы ел ретінде қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан мемлекет қайраткері екендігін атап өтті”, – делінген хабарламада.
Олар бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады. Абдулла Гүл Назарбаевқа зор денсаулық және алдағы қызметіне табыс тіледі.