Нұр-Сұлтанда ірі жол-көлік апаты: зардап шеккендер емханаға жеткізілді

0
134
фото: tengrinews.kz

Нұр-Сұлтандағы жол-көлік апатынан зардап шеккен 25 жолаушы емханаға жеткізілді. Бұл туралы елорда әкімінің баспасөз хатшысы хабарлайды.

фото: tengrinews.kz

“Жол-көлік апаты таңғы сағат 9.14-те үш автобус, екі жеңіл автокөлік және жедел жәрдемнің соқтығысуы салдарынан болды. Қазір сағат 10.40-қа дейін автобустан барлық жолаушы шығарылды. Зардап шеккендер №2 емханаға жеткізілді. Нақты ақпарға сәйкес, екі адам қаза тауып, жиырма бесі жарақат алған. Жиырма бестің тең жартысының жағдайы ауыр. Шамамен 30 дәрігер оларға көмек көрсетуде”, – деп хабарлайды Эльвира Жүргенбаева.

Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов оқиға орнында.

“Ол дереу жедел медициналық көмек көрсетуді, қаза тапқандардың отбасына хабарлауды және көмек көрсетуді тапсырды. Психологиялық көмек көрсетуді де міндеттеді. Әкімдік тарапынан қажетті көмек көрсетіледі”, – деді баспасөз хатшысы.

фото: tengrinews.kz

Әкімнің баспасөз хатшысының сөзінше әр таң сайын автобустар рейсалды тексерістен өтіп тұрған. “Менің ақпарыма сәйкес әр таң сайын автобустар техникалық тексерістен өтіп, ақаулары жөнделіп отырды. Сондықтан қазір автобусқа қатысты бірдеме айтуға әлі ерте, сараптама және тергеу қорытындыларын күтеміз. Автобус жүргізушілері айына бір рет тексерістен өтіп тұрады”, – дейді Жүргенбаева.

26 наурыз Нұр-Сұлтанда Ұлы Дала мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында үш автобус пен жеңіл автокөлік соғысты. Қаланың сыртына қатынайтын 303 автобус №12 автобуспен соқтығысқан. №53 автобус пен жедел жәрдем көлігі қысылып қалған.

Қаланың полиция департаментінің ақпарына сәйкес жол-көлік апаты салдарынан екі адам – автобус жүргізушісі мен жолаушы көз жұмды. Оқиға орнында полиция жұмыс істеуде, жедел жәрдем қызметі зардап шеккендерге көмек көрсетуде.

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз