Ұлыбритания Еуроодақтан шығуы үшін 60 млрд еуро төлеуі қажет. Бұл туралы Еуропарламент басшысы Антонио Таяни Funke неміс тобына сұхбат беру барысында мәлімдеді.
«Менің ойымша, бұл минимум 60 млрд еуро болуы керек», – деді А. Таяни деп келтіреді Ca-news.
Лондонның ЕО құрамынан шығуы 2019 жылдың наурызына белгіленген. Егер тараптар келісе алмаса, бұл жағдай орын алмауы да мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, 2017 жылдың соңына дейін Ұлыбритания мен Еуроодақ негіздемелік келісімге қол қою қажет.
Бұған дейін Лондон Еуро аймақтан шығуға 40 млрд еуро төлеуге дайын екенін айтты. ЕО 100 млрд еуро көлемінде деп мәлімдеді.
Еуропарламент тараптар келісімге келе алмаса, Лондонның ЕО аймағынан шығуы 2018 жылдың ақпан-наурыз айларына қалдырылады деп хабарлайды.
Cабина Сайлаубай