Ердоғанның партиясы Түркиядағы аймақтық сайлауда жеңілді

0
81

Төрағасы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған саналатын Әділет және даму партиясы (ak parti) Анкарада өткен қала әкімдерін сайлауда жеңілді. 99 % дауыс санын есептелгеннен кейін Халық-республикалық партиясының өкілі Мансұр Яваш 50,89%  дауыс жинады, ал Әділет және даму партиясының мүшесі және Анкараның қазіргі мэрі Мехмет Ожасеки 47,06 % дауыс жинады.  Бұл туралы Deutschwelle агенттігі жазады.

Екі партия үміткерлері өздерін жеңіске жеттік деп жариялады

Истамбулда Әділет және даму партиясы әрі оппозициялық партияның қос өкілі де өздерін жеңіске жеттік деп жариялады. Атап айтқанда бұрынғы премьер-министр Бинали Йылдырым өзінің қарсыласын 28 мың дауысқа артық жеңгенін алға тартқан. Бірнеше минут өткеннен кейін оппозициялық Халық-демократиялық партиясының өкілі партиядан әкімдікке үміткерлікке шыққан Экрем Имамоглыға қарсылас партиядан шыққан үміткер Бинали Йылдырымнан қарағанда төрт мың дауыстың артық берілгенін мәлім етті. Бұған дейін Имамоглы Йылдырымның айтқан сөздерін “қулыққа басу” деген еді.

AFP агенттігінің ақпарына сәйкес барлық хаттамалар қаралғаннан кейін Йылдырым 48,7% дауыс ал оның қарсыласы 48,65% жинағанын хабарлады.

Қала мэрлері мен аймақ мэрлерін сайлау Түркияда 31 наурызда бір уақытта өтті. Шамамен 57 миллион азамат сайлауда дауыс берген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз