Франция императоры Наполеон І Бонапарттың тағы француз монархтарының Фонтенбло тарихи резиденциясындағы аукционда 500 мың еуроға сатылды. Бұл туралы сауданы өткізген Osenat аукцион үйінің сайты хабарлады.
Тақты сатып алған адамның аты-жөні жария етілген жоқ. Ағаштан жасалып, сыртын алтынмен жапқан тақ о баста небәрі 80 мың еуроға бағаланған. Бұған ұзақ уақыт бойы Наполеон отырған тақтардың саны бесеу деген пікір әсер етті. Олардың бірі Париждің Тюильри сарайында, екіншісі Сен-Клу қамалында, үшіншісі Сенатта, төртіншісі Ұлттық жиналыс ғимаратында, бесіншісі Париж мэриясында сақтаулы.
Аукцион үйінің мәліметіне қарағанда, ХІХ ғасырдың аяғында америкалық филантроп Майкл Генри де Янг Наполеонның осы тағын Сан-Францискодағы бейнелеу өнері музейіне сыйға тартқан. Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана Наполеонның хаттары аукционда жарты млн еуроға сатылған болатын.
Айта кетейік, биыл тамыз айында француз императорының туғанына 250 жыл толады.