Н.Назарбаев Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

0
86

Кездесу барысында Мемлекет басшысына ағымдағы жылдың 10 айы ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ қызметінің қорытындылары туралы, сондай-ақ компанияның трансформациялануы туралы ақпарат ұсынылды.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының мәліметіне сәйкес кәсіпорынның шоғырландырылған пайдасы өткен жылмен салыстырғанда 44% артып, 414 млрд теңгені құрады.

Сонымен қоса, Өмірзақ Шөкеев мемлекет басшысына холдингтегі компаниялардың санын қысқарту және кәсіпорындарды басқару деңгейін оңтайландыру туралы баяндады.

Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, биылғы жылдың соңына дейін холдингтегі компаниялардың саны 315-ге дейін оңтайландырылып, басқару деңгейінің саны 4-ке дейін азаятын болады.

Кездесу соңында Н.Назарбаев басқарма төрағасына бірқатар маңызды тапсырмалар берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз