ҚР СІМ Сириядағы қазақстандықтардың Шешенстанға келгендігін растады

0
78

ҚР Сыртқы істер министрлігі Сириядағы қазақстандықтардың Шешенстан астанасы Грозныйға жеткізілгендігін растады, деп хабарлайды Қазақпарат.

13 қарашада Сириядан қайтқан  бір топ адам Грозный әуежайына келіп тоқтады. Сондай-ақ, олардың арасында Қазақстан азаматтары да болды.

1988 жылы туған Орал қаласының тумасы әйел адам және оның кәмелет жасқа толмаған төрт баласы бар. Балалардың ең үлкені бес жаста ғана болса, кенжесі бірнеше айлық сәби.

ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Ануар Жайнақов «Грозный әуежайында оларды Қазақстан-Ресей елшілігінің қызметкерлері қарсы алды. Жақын арада олар Қазақстанға жеткізілетін болады», деп мәлімдеді.

Сонымен қоса ҚР министрлігі Ресей мен Шешенстан Республикасының басшылығына ҚР азаматтарын эвакуациялауда көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

Сириядан оралғандардың арасында Қазақстан азаматтарынан басқа күрт халқымен қоса орыс тілді азаматтар бар.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз