25 мамырда Перудің Лимадағы зообағы дүниежүзілік тасбақа күнін атап өтті.
Зообақ күтушілері жорғалаушыларға шөп орнына гүл беріп тамақтандырды. Сондай-ақ келушілерге тасбақаның әрбір түрі жайлы мағлұмат берілді. Лимадағы зообақта тасбақаның 40-тан астам түрі бар. Мұндағы жорғалаушының кейбірін бұрын үй жануары ретінде ұстаған. Алайда кейін иелері оларды далаға тастап кеткен.
Дүниежүзілік тасбақалар күнінің мақсаты – жан-жануарларды қорғауға ден қою, оның ішінде жойылуға жақын тасбақалар түрін ерекше қорғауға алу.