25 мамыр күні 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 6274 оқушы мектеп бiтiрді. Бүгін қаладағы барлық мектептерде түлектер үшін соңғы қоңырау соғылды. Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазiргi уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 5856 оқушы (93,3 %) ниет бiлдiрген. Оның ішінде қазақ тілін 5791 оқушы тапсырса, орыс тілінде – 2068, ал ағылшын тілін 12 оқушы таңдаған.
Айта кетейiк, өткен оқу жылы 5329 түлектер ішінен ҰБТ-ға 90,7%-ы қатысты. Сол сияқты “Алтын белгіге” 324 түлек үмiткер болса, үздiк аттестаттауға 352 адам қатыспақ. Ɵткен жылғы кɵрсеткiшпен салыстырар болсақ, “Алтын белгі” иегерлер саны – 301, үздік аттестат – 322.
“Биыл түлек саны ең кɵп білім ордасы №54 мектеп. Аталған оқу орнын 151 түлек бітірді. Ал “Алтын белгіге” үміткерлердің ең көбi №1 мектепте жəне физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде (16 оқушы), №48 мектепте (13 оқушы), №69, №62 және Нұр Орда мектептерінде (11 оқушы), №61 мектепте және БИЛ (ұлдар) – 9 оқушыдан тiркелген. “Үздік аттестат алатын үміткерлер: 30 түлек – физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде, БИЛ қыздар – 21 түлек, Нұр Орда – 20, БИЛ ұлдар – 19, №51 және Назарбаев зияткерлік мектебінде (Халықаралық бакалавриат) – 12 және №1, №17, №56, №66 мектептерде 11 түлектен бар”,- деп мәлім етті қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.