Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс жағдайында білім беруде колледждің рөлі қандай?

0
139

30 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Политехникалық колледждің 25 жылдығына арналған “Индустрия 4.0 жағдайындағы колледж: дәстүрлер мен  функциялардың трансформациясы” атты конференция өтті.

Конференция барысында пленарлық отырыс, “Индустрия 4.0: мәселелер, жаңа мүмкіндіктер”,  “Цифрлық трансформация жағдайында өнеркәсіпті дамыту”, “Заманауи экономика мен өнеркәсіпке мамандар даярлау” тақырыптарында 3 панельдік сессия және инновациялық жабдықты қолдану бойынша шеберлік сыныптары жүргізілді.

Республикалық конференцияда төртінші өнеркәсіптік төңкеріс жағдайындағы білім беру міндеттері, колледждің рөлі:  ХХІ ғасырда дәстүрлер мен функциялардың трансформациясы, техникалық сала бойынша заманауи маман дайындаудың ерекшеліктері, кәсіптік білім берудің рөлі талқыланды.

Конференцияға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Бектурова, ҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Э.А. Суханбердиева, ҚР қаржы вице-министрі Р.С. Енсебаев, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы А.Қ. Жангозин және басқа да білім ордаларының директорлары мен оқытушылары, колледж түлектері мен еңбек ардагерлері қатысты.

Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласып алғыс хаттар табысталды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз