80 жастағы қария университетке құжаттарын тапсырды

0
128
80 жастағы абитуриент қария Тухтамиш Султонов. Сурет: Fergana agency

Өзбекстанда 80 жастағы қария жоғары оқу орнына құжаттарын тапсырды. Бұл туралы Ферғана агенттігі хабарлады. 

“Биылғы жылдың талапкерлері таңқалдырудан жалықтырмай жатыр”, – дейді Өзбекстанның мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі агенттігі.

Сұрхандария облысының 80 жастағы тұрғыны Тухтамиш Султонов қызмет көрсету орталығы арқылы құжаттарын жоғары оқу орнына тапсырған. Ол Самарқанд мемлекеттік университетінің биология факультетін және Ташкент медициналық академиясының Термез филиалының балалар дәрігері мамандығын таңдаған. Осының алдында 78 және 72 жастағы зейнеткерлер жоғары оқу орнына түсу үшін құжаттарын тапсырғаны айтылған.

Биыл Өзбекстанда енгізілген жаңа ережеге сәйкес, талапкерлер құжаттарын бірден үш оқу орына тапсыра алады. Тест бір рет ғана өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз