Қырғызстан бозаны өндіру технологиясын патенттеді

0
143
Сурет: kabar.kg

Қырғызстанда боза шығарудың теxнологиялық желісіне патент берілді. Бұл туралы Кабар агенттігі хабарлады.

Қырғызстан азаматтары — А.Садиева, Н.Тилемишова, А.Абдраимов, Р.Халмуратовтар енді ұлттық “Бозо” сусынын патент негізінде брендке айналдырмақ. Агенттіктің “Қырғызпатентке” сілтеме жасап xабарлауынша, теxнология тазалау-жуу машинасы, қайнату аппараты, салқындату ыдысы, араластырғыш, ашыту ыдысы, құйғыш-тығындағыш автомат секілді бөліктерден тұрады. Осының бәрі көтергіш қондырғысы бар жүк тасымалдайтын тіркемеге тізбектей орналастырылған. Теxнологияның бір ерекшелігі мынада, тазалау-жуу машинасы мен қайнату машинасының арасына араластыратын ыдыс, ал ашыту ыдысы мен құйғыш-тығындағыш автоматтың арасына арнайы иірмекті престегіш фильтр орнатылған.

Боза — дәнді дақылдардан ашытып жасалатын ежелгі әлсіз ішімдік. Дайындалу технологиясы мен сақталу мерзіміне қарай жас боза, қорланған боза деп те аталады. Жас боза құрамында 4 — 6%, ал қорланған бозада 12 — 15% спирт болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз