Ұлыбритания жыл соңында ғылыми қызметкерлер үшін жеңілдетілген визалық режимді іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы премьер-министр Борис Джонсон мәлімдеді.
“Біз білім саласын алға жылжытуды жалғастыру үшін иммиграциялық жүйені жеңілдетіп, әлемнің ең үздік ғалымдарын тартуға күш салуға тиіспіз”, – деді саясаткер.
Джонсонның айтуынша, жаңашылдық нәтижесінде елге әлемнің түкпір-түкпірінен зерттеушілер мен ғылыми мамандар келіп, Ұлыбритания өзінің “ғылыми держава” мәртебесін күшейтеді.
Korrespondent.net хабарлауынша, бұл шешім Ұлыбританияға әлемнің үздік мамандарын тарту үшін жасалып отыр.