Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов қазақстандық кәсіпкерлерді Өзбекстанның ірі қалаларында жаңа жобалардың құрылысына қатысуға шақырды, деп хабарлайды Қазақпарат.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең төрағаларының кездесуі аясында Ақылбай Раматов Ташкентте, Самарқандта және Нұрафшанда халықаралық бизнес орталығының құрылысына қазақстандық инвесторлар мен құрылыс компанияларының қатысуын ұсынды.
Кездесу барысында сөз сөйлеген Ачилбай Раматов
«Біз қазақстандық компанияларды елімізде қолға алынып жатқан ауқымды құрылыс жобаларына қатысуға шақырамыз. Қазақстанда көркем әрі заманға сай ғимараттар сала алатын ірі құрылыс компаниялары мен іскер адамдардың бар екенін білемін. Құрылысқа арналған орындар Мемлекетің ірі қалаларының ортасында орналасқан. Астанада заманауи, тамаша ғимараттар бар екенін жақсы білеміз. Сол себепті де біздің елдің президенті қазақстандық құрылысшыларды Өзбекстанда көргісі келеді. Салынған барлық ғимараттар сіздерге тиесілі болады»
– деп мәлімдеді.
Жадыра Аманбайқызы