Келесі жылдан бастап жанармай бағасы 10 теңгеге қымбаттайды

0
86

Ұлттық экономика министрлігі қаңтар айынан бастап жанармай құнының 10 теңгеге қымбаттайтынын айтты. Бұл туралы ktk.kz сайты хабарлады. 

ҰЭМ желтоқсан айында Қазақстанда жанармай бағасын 10 теңгеге өсіру жоспарлаған еді.

Алайда энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензин акцизіне қатысты 2019 жылы ешқандай өзгеріс болмайтындығын мәлімдеді.

 ҰЭМ акциз құнын не себепті өсіретініне байланысты 2 себепті атап көрсетті:

  • Бюджет шығындары өсті, сондықтан бюджет консолидациясы қажет, оның ішінде акциздың фискалды қызметтері арқылы жүргізілетіндері;
  • Шекаралық аймақтарда ресейліктер Қазақстан территориясынан арзан бағада жанармай алады, бұл өз кезегінде Ресей экономикасын субсидиялау дегенді білдіреді.

Қарашаның 25-сі жоғарыда аталған мәселеге қатысты Сенат депутаттары Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовқа сұрақ қойды.

Министр жанармай бағасының 10 теңгеге қымбаттауы инфляцияға, шағын және орта бизнес өнімдеріндегі акциз құнының өсуіне айтарлықтай әсер етпейді деп жауап берген болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз