Димаш Құдайберген Ресейдің “жыл әншісі” атанды

0
126
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген мен Ресейлік композитор Игор Крутой. Photo: dimashnews.com

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ресейдің “Виктория” сыйлығының екі бірдей номинациясын жеңіп алды.

Димаш “Жыл жаңалығы” аталымында жеңіске жетті, ал “Olimpico” әні оған “Классикалық музыкада жылдың әншісі” марапатын алуға мүмкіндік берді. Бұл туралы 5 желтоқсанда Кремль сарайының сахнасында өткен салтанатты рәсімнің қорытындысы бойынша белгілі болды.

“Құрметті достар, мен аса қуанышпен сіздермен Ресейлік музыкалық “Виктория” премиясында екі аталымда жеңіске жеткенімді жеткізгім келеді. “Классикалық музыкада жылдың әншісі” және “Жыл жаңалығы” бойынша. Менің барша әлемдегі тыңдармандарыма қолдауларыныз ушин үлкен рақмет!”, – деп жазды әнші әлеуметтік желісінде.

“Виктория” жүлдесі Ресейде жыл сайын үздік музыканттарға, ақындарға, орындаушыларға, продюсерлерге, журналистерге, музыка сыншыларына және ірі медиахолдинг басшыларына табысталады.

“Виктория” сыйлығы.

Еске сала кетейік, Димаштың 10 желтоқсанда Нью-Йоркте өтетін концертінің телевизиялық нұсқасын “Qazaqstan” арнасы көрсетеді. Уақыты хабарланатын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз