1200 Солтүстік Кореялық азамат Моңғолиядан шығарылады

0
74

Моңғолия Пхеньянмен сауда-саттықты шектейтін қатаң санкцияларды енгізуіне байланысты Моңғолияда тұратын 1200 Солтүстік Корея азаматтары елден шығарылатын болады, деп хабарлайды Ca news.

Моңғолия Мемлекетінде қызмет атқаратын Солтүстік Кореялық азаматтардың басым бөлігі құрылысшы және тоқыма өнеркәсібі мен дәстүрлі медицина саласында қызмет атқарады.

Моңғолияның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Н.Чинзоригтің айтуынша, жыл сайынғы рұқсаттаманың жаңартылмайтынына байланысты Солтүстік Корея азаматтары жыл соңына дейін елден кетуге мәжбүр.

Сонымен қатар, Моңғолия Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Шижээхүүгийн Одонбаатар жеке ұйымдардың БҰҰ қарарына байланысты жаңа келісімшарттар жасай алмайтынын атап өтті.

Дегенмен, Моңғолиядағы Солтүстік Корея елшілігі Моңғолия Сыртқы істер министрлігінен (СІМ) КХДР азаматтарын елден шығару туралы ресми түрде хабарлама алмағанын мәлімдеді.

Еске салайық, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Солтүстік Корея ядролық зымыранның жүйелі сынақтарын өткізгеннен кейін әлемнің бүкіл елдерін КХДР-мен байланыстарын үзуге шақырған болатын.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз