Назарбаев пен Путин Минск кездесуінің қорытындысын талқылады

0
54
Ақорда

4 желтоқсанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды РФ Президентінің баспасөз қызметі.

Тілдесу барысында 30 қарашада Минскіде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

Атап өтерлігі, Минск саммитінен кейін ҰҚШҰ-ның кезекті төрағалығы Қазақстанға берілді. Өз сөзінде Елбасы Н.Назарбаев Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына алдағы жылға төрағалық етуінің басымдықтарын айқындап, аталған Ұйымның одан әрі дамуының көрінісі туралы баяндады. ҰҚШҰ-ның келесі сессиясы 2018 жылы Қазақстанда өтеді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз