“Сирияның шамамен барлық аумағы содырлардан босатылды” – Путин

0
79
Кремль

Шамамен Сирияның барлық аумағы сонымен қатар христиандардың тарихи тұрған аумағын қоса алғанда террористерден босатылды. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин Ново-Огаревтегі жергілікті православ шіркеу делегацияларының басшыларымен кездесу барысында мәлімдеді деп хабарлайды РФ Президентінің баспасөз қызметі.

Сириядағы жағдайдың ерекше назар аударуды талап ететінін айтқан Ресей басшысы Сириядағы соғыс кезеңінде террористер туған жерлерінен он мыңнан астам адамды қуып, өлтіргендігін алға тартты. Путин сонымен қатар бірқатар христиан шіркеулері мен ғибадатханаларының тоналып, жойылғанын тілге тиек етті.

Бұдан бұрын Ресей Бас штабының басшысы Валерий Герасимов Сириядағы Ресей әскерлерінің контингенті айтарлықтай қысқаруы мүмкіндігін мәлімдеген еді. В. Герасимов әскери мақсаттар орындалғаннан кейін әскерилердің саны шамалы қалғанын және бас қолбасшы тарапынан шешім қабылданып, әскери топтардың саны қысқаратынын айтқан болатын.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз