Алматыда 112 көшенің атауы өзгертіледі

0
66
дереккөзден

Ономастика бойынша комиссияның шешімімен Алматы қаласының 43 көшесінің атауы атақты қоғам қайраткерлерінің құрметіне өзгертіледі.  Ал 60-қа жуық көшеге тарихи-географиялық атаулар беріледі деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.

Алматы қаласы тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама Басқармасының басшысы Мамай Ахетовтың айтуынша, қалаға қосылған жаңа аумақтарға байланысты қалада Абай атындағы 12 көше, М. Әуезов атындағы 3 көше, Ж. Жабаев атындағы 13 көше, Құрманғазы атындағы 6 көше, Төле би атындағы 5 көше, Қазыбек би атындағы 3 көше, А. Байтұрсынов атындағы 4 көше, С. Сейфуллин атындағы 5 көше болған. Ендігі өзгерістерге байланысты Алатау ауданындағы Алматы ауыр машина жасау зауыты (АЗТМ)  Хан Шатыр көшесі деп өзгертілсе, жоғары кернеулі (высоковольтная) – Бағаналы Орда деп ауыстырылмақ. Ал Наурызбай ауданындағы 4 атаусыз көшеге атау беріледі. Бостандық ауданындағы 6 линия көшесі Нұрлы Жол деп ауыстырылса, ал 8 линия Ербол Спатаев көшесі деп өзгертілмек.

Алатау ауданы

АЗТМ – Хан Шатыр

Высоковольтная – Бағаналы Орда

Алмалы ауданы

Карьерная – Қара өткел

Бостандық ауданы

6 линия – Нұрлы Жол

8 линия – Ербол Спатаев көшесі

Жетісу ауданы

Плодовая – Қоянды

Медеу ауданы

К. Әзірбаев және Ж. Жабаев қиылысы – Талғат Бигелдинов көшесі

З. Космодемьянской – Сағадат Нұрмағамбетов көшесі

Түрксіб ауданы

Парковая – Нұр Әлем

Тельман – Нұрсая

Наурызбай ауданы

М. Әуезов – Бәйкен Әшімов көшесі

Бұланды, Самрұқ, Бұлақты, Қыран (бұрын 4 көше атаусыз болған)

Сабина Сайлаубай

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз