21 ақпанда “Diamond Princess” круиздік лайнеріндегі екі қазақстандық жерге түсірілді. Олар Токио қонақ үйлерінің біріне орналастырылған. Бұл туралы Қазақстанның Жапониядағы елшілігі хабарлады.
Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, лайнерде болған қазақстандықтар коронавирусты анықтайтын тесттен өткен. Олар ертең елге оралатын болады.