Каирда Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрак қайтыс болды. Мемлекеттік телеарналардың хабарлауынша, 91 жастағы Мүбәрак әскери ауруханада көз жұмған.
Египетті 30 жыл билеп, 2011 жылы ақпанда биліктен алынған Мүбәрак 2012 жылы халық толқуы кезінде көшеге шыққан жүздеген адамның өліміне айыпты деп танылып, өмір бойы түрмеге жабылған еді. Кейінірек жоғарғы сот үкімнің күшін жойды.
2015 жылы Мүбәрак президент сарайын жөндеуге деп бөлінген “қаржыны жымқырды” деп айыпталып, үш жылға бас бостандығынан айрылған. 2017 жылы наурыз айында ақталып шыққан.