2018 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасы белгілі болды

0
85
ОҚО әкімдігі

Түркияның Кастамону қаласы 2018 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы болды. Аталған шешім ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы тұрақты Кеңесінің 35-ші отырысында қабылданды деп хабарлайды «Анадолы» агенттігі.

Түркия мәдениет және туризм министрінің орынбасары Хусейн Яйман 2018 жылы түркі әлемінің астанасы ретінде Кастамону қаласының таңдалғанына қанағаттанғанын жеткізді. Оның айтуынша, ТҮРКСОЙ бағдарламасы аясында Түркия 2013 жылы Ескішехирде өткен түркі халықтарының мәдениеті фестивалін  қайтадан өткізуге ниетті екенін айтты. Бұдан өзге Х. Яйманның мәлімдеуінше, 2018 жылы ТҮРКСОЙ-дың құрылғанына 25 жыл толады, осыған орай Түркияның туризм және мәдениет министрлігі, барлық мүдделі ведомстволар Түркияға келген қонақтарды қарсы алуға қуанышты екенін тілге тиек етті.

Өз кезегінде Кастамону губернаторы Яшар Карадениз қаланың Анатолияның ескі шаһарларының бірі екенін, тарихы жеті мың жыл бұрын басталатынын атап өтті.

Оның сөзінше, Кастамону Түркияны ең үздік тұрғыда таныстыратын болады.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз