Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров коронавирустан емделіп шықты. Бұл туралы онлайн баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова хабарлады.
“Камалжан Талғатұлы емделіп шықты. Қазір медициналық сауықтыру шараларымен қамтылды. Оның денсаулығы қанағаттанарлық деңгейде”, – деді Л. Бюрабекова.
Соңғы тексеру нәтижесінде Камалжан Надыровтан инфекция анықталмаған.
Еске салайық, 22 сәуірде Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған Камалжан Надыровтан коронавирус анықталған болатын.