Трамптың Иерусалимге қатысты шешімі резонанс тудырды

0
59
дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль астанасы ретінде Иерусалимді мойындайтынын ресми мәлімдеді. Трамп Мемлекеттік департаментке  АҚШ елшілігін Тел-Авивадан Иерусалимге көшіру туралы тапсырма міндеттегінін атап өтті деп жазады Медуза.

АҚШ Президенті өз мәлімдемесінде Иерусалимді  тек үш ұлы діннің жүрегі ғана емес, енді әлемдегі ең табысты демократиялық елдердің бірі екендігін атап айтты. Оның сөзінше Иерусалимді Израильдің астанасы деп тану бұл – шындықты мойындау. АҚШ президентінің аталған ресми мәлімдемесінен кейін әлемдік кеңістікте  бірқатар пікірлер өрбіді.

“Тозақтың қақпасын ашқанмен тең” – Трамптың шешімі туралы палестиналық топтың пікірі

Мәселен, Израиль премьер-министрі Бинямин Нетаниягу Трамптың мәлімдемесін «бейбітшілікке маңызды қадам» деп бағаласа, Палестина автономиясы басшысы Махмұд Аббас бұл шешімнен кейін АҚШ Палестина-Израиль келіссөздерінде делдал бола алмайды деп мәлімдеді. Ал палестиндік ХАМАС тобының пікірінше, Трамптың аталған шешімі «тозақтың қақпасын ашқанмен» тең. Ал Израиль президенті Реувен Ривли АҚШ президентінің шешімін еврей мемлекетінің алдағы 70-жылдығына арналған ең үздік сыйлық деп баға берді.

Түркия Трамп шешімін сынға алды

Осы орайда Түркияда АҚШ президентінің шешіміне қатысты қарсылық акциясы басталды. Бұл туралы 6 желтоқсан күні кешке Express басылымы хабарлады. Бірнеше жүздеген наразылық танытушылар Стамбұлдағы АҚШ елшілігі ғимаратының сыртына жиналып, өздерінің қаһарын білдіріп, консулдық ғимаратқа монеталар мен басқа заттар лақтырған.

REUTERS

Өз кезегінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бүгін Трамптың Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде мойындау туралы шешімін сынға алып, аталған жағдайды Ресей Федерациясының президенті Влаимир Путинмен телефон арқылы талқылауға ниетті екенін жеткізді деп хабарлайды РИА Новости.

“Трамптың шешімі террористерді жинау құралы” – АҚШ эксперттерінің пікірі

АҚШ эксперттерінің пікірінше, АҚШ президенті Дональд Трамптың Иерусалимді Израиль астанасы деп тану туралы шешімі Палестинадағы бейбіт келіссөздерді бұзып, Таяу Шығысты тұрақсыздандыруға тырысатын террористерді жинау құралы ретінде пайдаланылатын болады деп хабарлайды РИА Новости.

“Вашингтон Таяу Шығыстағы жаңа саяси дағдарысты тудырды” – Батыс баспасөздері

Бұдан өзге Батыс бұқаралық ақпарат құралдары Трамптың Иерусалимді Израильдің астанасы деп тану шешіміне Вашингтон Таяу Шығыстағы жаңа саяси дағдарысты тудырды деген пікір білдірді деп хабарлайды Ren.tv. Америка басшысының шешіміне қарсылық танытушылар қатарында еуропалық көшбасшылар да бар. Мәселен, Тереза Мей, Ангела Меркель және Эммануэль Макрон бұл аймақтағы онсыз да әлсіз бейбітшілікті жойып жібереді деп есептейді.

БҰҰ Трамп шешіміне баға берді

БҰҰ Иерусалимнің мәртебесі мәселесі Израиль және Палестина тарабының резолюциясы негізінде шешілуі керек деген пікірде. Олай болмаған жағдайда ғаламдық бөліну орын алады.

Ислам Республикалары Трамп шешімін сынға алды

Сонымен қатар Мысыр, Катар және Иран Трамптың Иерусалимді Израиль астанасы деп тану шешімін сынға алды деп хабарлайды «Интерафакс».

Иран СІМ АҚШ президентінің Иерусалимге қатысты шешімін «ауыр сынға алатындарын» мәлімдеді. Бұған дейін Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани аталған шешім «арандатушы және қауіпті» болады деп айтқан еді.

Мысырдың Сыртқы істер саясаты басқармасы АҚШ-тың елшілігін Тел-Авивадан Иерусалимге көшіруін қабылдамайтындарын және «мүмкін салдарға үлкен алаңдаушылық білдірді» деп мәлімделеді.

Катардың Сыртқы істер министрі Мұхаммед бин Абдулрахман Әл Тани Трамптың шешімін «бейбітшілікті қалайтындардың бәрі үшін эскалация және өлім жазасына тең» деген пікір білдірді.

Ал Сауд Арабиясы АҚШ президенті Дональд Трамптың Иерусалимді Израиль астанасы деп тануы және Америка елшілігін Иерусалимге көшіру  туралы шешімін жауапсыздық деп қабылдайды және әкімшілкке өз позициясын қайта қарауға шақырады деп хабарлайды Al Arabiya телеарнасы.

Еске салсақ, бұдан бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израильдің астанасы деп тану туралы шешімін ресми жариялады. Трамп бұдан өзге АҚШ елшілігін Тел-Авивадан Иерусалимге көшіру туралы құжатқа қол қойды. Трамптың аталған шешімі әлемдік қауымдастықта үлкен резонанс тудыруда.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз