Қырғызстан су тапшылығына байланысты Қазақстаннан сағатына 500 млн кВт электр энергиясын импорттауды жоспарлап отыр. Бұл күз және қыс кезінде туындайтын электр энергия тапшылығын жоюға мүмкіндік береді. 12 тамыз күнгі отырыста Қырғызстан ұлттық энергия холдингісінің төрағасы Айтмамат Назаровқа сілтеме жасап Азаттық хабарлады.
Қырғыз мамандары 2020 жылдың қазан айына қарай Тоқтағұл қоймасындағы су мөлшері шамамен 14,9 млрд текше метр құрайды деп болжайды. Алдыңғы жылдары бұл 17-19 млрд текше метр болған.
Ұлттық энергия холдингі өкілдері биыл апаттық жарық сөндіруді азайтуды да жоспарлап отырғанын айтты. Холдинг басшысы әрбір аудандағы электр желілеріне жауапты тұлғалар жарықтың сөнуіне жеке жауап береді деп ескерткен.
Елдің 40 пайызын электрмен қамтамасыз ететін “Северэлектро” компаниясы Тоқтағұл су қоймасында су деңгейі төмен болғандықтан алдағы қыста электр энергия тапшылығы туындауы мүмкін деп мәлімдеген еді.
Үкімет су тапшылығы туралы 2020 жылдың басында-ақ айта бастаған. Су қоймаларындағы су деңгейі әдеттегіден 10-12 пайызға төмен болады деген болжам айтылған.