Қырғызстанның президенті міндетін атқарушы Садыр Жапаров отставкаға кетеді. Ол желтоқсан айында кандидат ретінде сайлауға қатысады. Бұл туралы 24KG сайты хабарлады.
“10 желтоқсанда президент сайлауы өтеді. Желтоқсан айының басында өкілетімнен бас тартып, сайлауға қатысамын. Сайлауға қарапайым азамат ретінде қатысамын. Өтіп кетсем президент боламын, өтпесем қарапайым азамат ретінде қаламын” деді Садыр Жапаров.
Орталық сайлау комиссиясының шешімі бойынша сайлау 10 желтоқсан күні өтеді.