20-дан астам араб елдері АҚШ-ты Иерусалимді Израильдің астанасы деп тану туралы шешімінен бас тартуға шақырды, бұл Таяу Шығыстағы аласапыранға әкеледі деп мәлімдеді, деп хабарлайды Русская служба ВВС.
Араб лигасы елдерінің сыртқы істер министрлері АҚШ-қа аймақтағы бейбітшілікке жету жолында делдал ретінде сенім артуға болмайтындығын мәлімдеді.
22 мемлекеттің мәлімдемесі (оның ішінде АҚШ-тың жақын одақтастары да бар) Батыс жағалауда және Газ секторындағы тәртіпсіздік үш күн қатарынан жалғасып жатқан сәтте жарияланды. Наразылық акциясына жүзден аса адам қатысып жатқандығы және төрт қаза тапқан жан бар екендігі хабарланды.
Араб мемлекеттері лигасының шешімі бірнеше сағаттық келіссөздерден кейін келісілді. Резолюцияны АҚШ-тың бірнеше одақтастары, оның ішінде БАӘ, Сауд Арабиясы, Иордания Корольдігі де қолдаған.
Резолюцияға сәйкес: Иерусалимді Израильдің астанасы деп мойындау арқылы АҚШ кез келген Израиль-Палестина бейбіт процесінің «ұйымдастырушысы және делдалы ретінде өзін-өзі жойды».
Иерусалим мәртебесі кикілжіңге түскен екі тарап үшін де салмақты мәселе болып қалады.
Израиль әрдайым Иерусалимді өз астанасы деп қабылдады. Иерусалим үш діннің – ислам, христиан, иудаизмнің тоғысқан аймағы.
Шығыс Иерусалим 1967 жылғы соғысқа дейін Иорданияның қол астында болды, бастапқыда басып алынған кейіннен 1989 жылы Израильге қосылған. Дегенмен, мұндай қадам халықаралық тұрғыда мойындалмады.
1993 жылғы бейбіт келісімге сәйкес, Иерусалимнің түпкілікті мәртебесі бейбіт процестің соңғы кезеңінде анықталуы керек болды.
Палестина өкілдері Иерусалимге қатысты мәлімдеме жасау арқылы Д. Трамп АҚШ-ты аталған келіссөздердегі делдал мәртебесінен айырды деп есептейді.
Жұма күні Трамптың мәлімдемесінен кейін БҰҰ-ның шұғыл кеңесі өтті, онда 5 Еуропа мемлекеттері АҚШ-ты БҰҰ резолюиясын бұзды деп айыптады.
Еске салсақ, өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израильдің астанасы деп танитынын мәлімдеген еді. АҚШ президентінің бұл шешімі әлемдік қауымдастықта үлкен дау тудырды.
Сабина Сайлаубай