Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың жаңа сайланған президентін сайлаудың ресми қорытындысы жарияланғаннан кейін ғана құттықтайды. Бұл туралы Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады.
“Біз өткен сайлаудың ресми қорытындысын күтуді дұрыс деп санаймыз”, – деген сөзін “Интерфакс” жариялады.
БАҚ өкілдері Песковтан президент Путиннің неліктен осыдан төрт жыл бұрын Дональд Трампты ресми мәлімдемені күтпей-ақ бірден құттықтағанын сұрады.
“Екі сайлаудың айтарлықтай айырмашылығы бар. Өздеріңіз білетіндей АҚШ-та қазіргі президент жариялаған белгілі бір заңды рәсімдер болып жатыр. Арадағы айырмашылық осы. Сондықтан біз ресми хабарландыруды күту дұрыс деп санаймыз”, – деген Песков төрт жыл бұрын сайлау қорытындысына заңды дау айту туралы хабарландыру болмағанын атап өтті.