Қазақстанның білім және ғылым министрлігі “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы” байқауының бірінші кезеңі басталғанын хабарлады.
“Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы” конкурсына ғылыми-педагогикалық салада үздіксіз 5 жыл еңбек өтілі бар және қызметте жоғары жетістік көрсеткен профессорлық-оқытушылық құрам қатыса алады.
Конкурс екі кезеңнен тұрады:
1. 2020 жылдың 12-30 қарашада жоғары оқу орындағы кезең;
2. 2020 жылдың 4-15 желтоқсанында республикалық кезең.
Конкурсқа құжаттар universitycontest.iac.kz жүйесі арқылы тапсырылады. Оларды ЖОО қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдерінен тұратын сараптамалық топ мүшелері тексереді.
Комиссия сараптама тобының қорытындысы негізінде шешім шығарып, үміткерлердің құжаттамасын республикалық кезеңге қатысуға жібереді.