Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұққаны арнайы тестпен расталған 777 адам анықталды. Бір күнде 924 адам жазылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Сәрсенбі күні ең көп науқас Нұр-Сұлтан қаласында (121) тіркелген. Павлодар (98) мен Шығыс Қазақстан облыстарында (99) бір күнде науқас табылған.
Жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 121
Алматы қаласы – 74
Шымкент қаласы – 4
Ақмола облысы – 66
Ақтөбе облысы – 5
Алматы облысы – 38
Атырау облысы – 28
Шығыс Қазақстан облысы – 99
Жамбыл облысы – 24
Батыс Қазақстан облысы – 29
Қарағанды облысы – 30
Қостанай облысы – 73
Қызылорда облысы – 2
Маңғыстау облысы – 9
Павлодар облысы – 98
Солтүстік Қазақстан облысы – 72
Түркістан облысы – 5
Жазылғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 98
Алматы қаласы – 94
Шымкент қаласы – 2
Ақмола облысы – 65
Ақтөбе облысы – 14
Атырау облысы – 48
Шығыс Қазақстан облысы – 149
Жамбыл облысы – 14
Батыс Қазақстан облысы – 30
Қарағанды облысы – 7
Қостанай облысы – 267
Қызылорда облысы – 1
Павлодар облысы – 88
Солтүстік Қазақстан облысы – 46
Түркістан облысы – 1
Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен дәлелденгендер 139 159 адамға жетті: 123 мыңнан астамы жазылған, 2112-сі қайтыс болған.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 832 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 004 бала бар.
Елдің коронавирус статистикасына коронавирус пневмониясына шалдыққандар есебі енгізілмеген. 1 тамыздан бері 43 498 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған, 458 адам қайтыс болған, 31 мыңнан астамы жазылған.