Apple компаниясы жаңа Airpods Mаx құлаққабын таныстырды

0
200

15 желтоқсаннан бастап, Apple компаниясының жаңа үлкен құлаққаптары нарыққа шығады. Бағасы 549 АҚШ долларынан басталады. Бұл туралы компания ресми сайтында хабарлады.

Жаңа Airpods Max бес түрлі түспен шығарылады:

  • күміс 
  • сұр
  • аспан көк 
  • қызғылт 
  • жасыл 

Құлаққаптың қуаты белсенді шуды жою және айналадағы дыбыстарды есту режимдері қосулы болсада үздіксіз 20 сағат жұмыс істеуге дейін жетеді. Құлаққапты пайдаланбайтын уақытта Smart Case қабына салып қояр болсаңыз батарея қуатын үнемдеу үшін өте төмен қуат өндіру режиміне ауысады.

Пайдаланушылар құлаққапқа орнатылған Digital Crown көмегімен дыбыс деңгейін реттей алады, әуенді ауыстырып, телефон қоңырауларына жауап береді және Siri-ді де іске қоса алады.

AirPods Max, Apple компаниясы жасаған 40 миллиметрлік динамикалық драйвермен жабдықталған. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл адамдарға әрбір нотаны естуге мүмкіндік береді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз