Қазақстанда өткен тәулікте 1553 адам коронавирус инфекциясынан жазылып, елде жалпы 135 063 адам індеттен емделді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Жазылғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 8
Шымкент қаласы – 3
Ақмола облысы – 105
Ақтөбе облысы – 9
Алматы облысы – 21
Атырау облысы – 83
Шығыс Қазақстан облысы – 735
Батыс Қазақстан облысы – 39
Қарағанды облысы – 29
Қостанай облысы – 156
Маңғыстау облысы – 17
Павлодар облысы – 75
Солтүстік Қазақстан облысы – 270
Түркістан облысы – 3
24 желтоқсан таңертеңгі ақпаратта 754 адам вирус жұқтырды. Оның ішінде ең көп тіркелгені Нұр-Сұлтан(118) және Алматы(90) қаласында. Осыған дейін вирус жұқтырғандар саны бойынша алдыңғы қатарда болған Шығыс Қазақстан Облысында 66 адамнан вирус табылды.
Жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 118
Алматы қаласы – 90
Шымкент қаласы – 7
Ақмола облысы – 57
Ақтөбе облысы – 4
Алматы облысы – 60
Атырау облысы – 59
Шығыс Қазақстан облысы – 66
Жамбыл облысы – 15
Батыс Қазақстан облысы – 27
Қарағанды облысы – 35
Қостанай облысы – 65
Қызылорда облысы – 2
Маңғыстау облысы – 18
Павлодар облысы – 60
Солтүстік Қазақстан облысы – 63
Түркістан облысы – 8
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 156 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 83 адам емделіп шықты. Жалпы 1 тамыздан бері 44951 адам жұқтырды және 483 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 32523 жетті.