Қазақстан Тәжікстанға өкпені жасанды желдететін 100 аппарат жөнелтті

0
147

Қазақстан Тәжікістанға отандық “Көкшетау -4П” өкпені жасанды желдету мобильді аппаратының 100 данасын жіберді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Отандық өнім Көкшетау қаласындағы “Тыныс” зауытында шығарылады. Зауыт айына 500 ӨЖЖ аппаратын өндіреді. Әрбір аппараттың құны шамамен 750 мың теңге. Бұл құрылғы мобильді түрде қолданыла алады. Яғни жедел жәрдем көлігінде немесе үйде пайдалануға болады.

Министрлік бұл құрылғыларды Қазақстан үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 837 “Тәжікстан Республикасына ресми гуманитарлық көмек көрсету туралы” қаулысын орындау шеңберінде жіберді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз