Армения президенті Армен Саркасянға коронавирус жұққан. 67 жастағы саясаткер аяғына ота жасату үшін Лондонға бара жатқан жолда Covid белгілері байқалып, ПТР-тест тапсырған. Тест нәтижесі оң шыққан.
Былтыр Армения премьер-министрі Никол Пашинян да Covid-пен ауырып шыққан.
Ұлыбритания астанасы мен оңтүстігінде коронавирустың жаңа түрі тарап, 4 қаңтарда қатаң локдаун енгізілген.
Соңғы мәлімет бойынша, Арменияда 160 мыңнан астам адамнан коронавирус инфекциясы анықталған, 2800-ден астамы қайтыс болған.