11 қаңтарда орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады. Парламентке “Нұр Отан”, “Ақ жол” және “Қазақстанның халық партиясы” (бұрынғы Қазақстанның коммунистік халық партиясы) өтті. Парламенттен “Нұр Отанға” – 76, “Ақ жолға” – 12, “Қазақстанның халық партиясына” – 10 орын берілді.
Сайлаудың алдын ала нәтижесі бойынша:
- “Нұр Отан” – 71,09 пайыз;
- “Ақ жол” – 10,95 пайыз;
- Қазақстанның халық партиясы – 9,1 пайыз;
- “Ауыл” – 5,29 пайыз;
- ADAL – 3,57 пайыз дауыс алған.
Қазақстанда заң бойынша, парламентке жеті пайыз дауыс алған партиялар өтеді. ОСК сайлаудың түпкілікті нәтижесі хаттамалардың түпнұсқасы келгеннен кейін жарияланатынын мәлімдеді.
10 қаңтарда Қазақстанда парламенттің төменгі палатасы – мәжіліс пен жергілікті өкілді орган – мәслихаттар сайлауы өтті.